ОҚО-да жаңа оқу жылында 25 мектеп пайдалануға берілді

Zakon.kz
Жалпы жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 67 білім нысанының құрылысы жүргізілсе, бүгінге дейін соның 34 мектебі мен 4 балабақшасы ел игілігіне беріліп, пайдаланылуда.

1 қыркүйек – Білім күнінде Оңтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 25 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңадан ашылған білім ошақтарының 2-і мектебі жоқ елді мекендерден бой көтерсе, 7 білім нысаны үш ауысымды мектептерді жою үшін салынған. 6 ғимарат ыңғайластырылған мектептердің орнын алмастырса, 9 білім ошағы апатты жағдайдағы нысандарды жою үшін, ал 1 мектептің іргетасы оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында қаланған.

Атап айтқанда, білім ошақтарының басым бөлігі Мақтарал мен Қазығұрттан бой көтерген. Аталған аудандарда 6 мектептен 12 нысан оқушылар үшін есігін айқара ашып отыр. Сайрам мен Шымкентте 3 білім ошағынан 6 мектеп пайдалануға берілсе, Сарыағашта 2, Арыста 2, Түлкібаста 1, Созақта 1 және Шардарада 1 білім мекемесі жұмысын бастады.

Жалпы жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 67 білім нысанының құрылысы жүргізілсе, бүгінге дейін соның 34 мектебі мен 4 балабақшасы ел игілігіне беріліп, пайдаланылуда. Жыл соңына дейін тағы бірқатар білім ошақтары елге қызмет етуді бастайды деп күтілуде. Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, жалпы 67 нысан пайдалануға тапсырылғанда өңіріміздегі 26 145 оқушы жаңа оқу ғимаратымен қамтылатын болады.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо