Сарыағашта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3 жаңа мектеп ашылды

Zakon.kz
Жалпы Сарыағаш ауданында 144 оқу ордасы болса, онда биыл 80 мың 600 бала білім алады.

Бүгін Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 қыркүйек білім күні мерекесіне орай, 300 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Білім нысандарының салтанатты ашылу рәсіміне облыс əкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған білім ұяларының бірі Дастан ауылынан ашылған №136 орта мектеп болса, екіншісі Атамекен елді мекенінен бой көтерген №64 мектебі. «Ұлттық қор» есебінен қаржы бөлініп жаңа оқу жылына тапсырылған білім мекемелері заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Балалар санының өсіп, сынып тапшылығын жою мақсатында салынған мектептер өз мерзімінде ел игілігіне беріліп отыр. Ал, Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекенінен ашылған жаңа мектеп облыстық бюджеттің қаржысы есебінен салынған. Бұған дейін ауыл балалары көрші ауылға қатынап, білім алып келген.

Жалпы Сарыағаш ауданында 144 оқу ордасы болса, онда биыл 80 мың 600 бала білім алады.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана