Мақтарал ауданында жаңа 6 мектеп пайдалануға берілді

Zakon.kz
Жаңадан ашылған барша мектеп ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

1-қыркүйек – Білім күніне орай Мақтарал ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 6 мектеп ғимаратының тұсауы кесілді, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пайдалануға берілген білім ұяларының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа білім күнімен құттықтады. Білім күні 300 орындық төрт және 200 орындық екі мектептің есігі мақтаралдық оқушыларға айқара ашылды.

Жаңадан ашылған барша мектеп ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен мұнда лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулиды.

Жалпы өңір бойынша әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқыны артқаны ерекше байқалады. Осылайша жыл басынан бері бірнеше әлеуметтік нысан бой көтеріп, халықтың демалып, серуендеуіне арналған демалыс орындары да ашылды.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Ученые прогнозируют "шестое" массовое вымирание на Земле

Казахстан признан единственной в Центральной и Восточной Азии страной, свободной от ящура

На Землю надвигается сильная и продолжительная магнитная буря: ученые назвали сроки

Грозы, шквалы и жара до +37°C: штормовое предупреждение объявили по Казахстану

Каспийское море пополнили водой: названы впечатляющие цифры