Созақта үш бірдей білім ошағы пайдалануға берілді

Zakon.kz
Жаңа оқу жылында Созақ ауданында үш бірдей білім ордасы ашылды.

Аққолтық елді мекеніндегі 200 орындық Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің ашылуына қатысқан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы С.Әбдіқұлов пен аудан әкімі М.Исаев оқушылар мен мұғалімдерді білім күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ш.Уалиханов мектебінің техникалық базасы соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етіліп, зәулім білім ордасында спорт ғимараты, интерактивтік тақта, мультимедия-лингафон кабинеттері орналасқан.

Сондай-ақ, дәл осы білім күні Абай елді мекенінен және Раң ата ауылынан 150 орындық екі мектептің лентасы қиылып, оқушылардың игілігіне берілді.

Мұнда оқушылар заман талабына сай жабдықталған кабинеттерде білім алып, сауатын ашады. Оқушылар екі ауысымда оқып, түрлі үйірмелерге қатысуға да мүмкіндік бар. Себебі мектептің ішінде спорт зал, лингафон кабинеті мен хореография бөлмесі бар. Әрі кітапхана мен асханада жұмыс істейді.

Бүгінде Созақ ауданындағы 35 білім ошағының 30-ы типтік білім ордасы болып табылады. Оқушылардың 97 пайызы типтік мектептерде оқиды. Білім саласындағы ғимараттарды жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых