Павлодарда ұсталған елік ветеринарлық клиникада өліп қалды

Zakon.kz
Қазіргі таңда жабайы жануарды кімнің қандай мақсатта жеке секторда ұстағанын құқық қорғау органдары анықтауда.
Павлодарлық мал дәрігерлері сібір елігін құтқара алмады. Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің қызметкерлері сүтқоректіні өткен жұма күні ИнЕУ-дің жанында ұстап алған болатын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Өкінішке орай, жануардың сол жақ аяғының сіңірі жұлынып қалған. Мұндай жарақатпен оның тірі қалуы мүмкін емес еді, - дейді мекеме басшысы Аждар Жүсіпов.

Еске сала кетейік, жарты жылдық ұрғашы елік еріксіз қамауда болған. Себебі, орманда өмір сүретін еліктердің тұяқтары жұқарған болады, ал бұл еліктің тұяғындағы белгілер анық көрінеді. Оның университеттің аумағына қалай тап болғаны беймәлім. Бостандыққа ұмтылған жануар орманшылар келгенге дейін қоршауға соғылып, басы мен аяғын қатты жарақаттап алған.

Қазіргі таңда жабайы жануарды кімнің қандай мақсатта жеке секторда ұстағанын құқық қорғау органдары анықтауда. Орман шаруашылығының жұмыскерлері елікті барныша күтіп, еркіндікке жіберуге тырысқан болатын. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Павлодар облысында 76 сібір елігі бар.

Омар Еркін

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"С 1 апреля – полное отключение": КГД напомнил предпринимателям о переходе ККМ на новый протокол

Долгожданное потепление ожидается в Алматы: погода на неделю

Туман, снег и сильный ветер: штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов Казахстана

Михаил Шайдоров обратился к чемпиону Паралимпиады Ерболу Хамитову

Казахстанцев снова порадовали из космоса