Павлодарда балконнан шыққан өрт төрт пәтерге тарады

Zakon.kz
Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 30 шаршы метрді жалмаған. Өрт 20 минуттың ішінде ауыздықталды.
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің балконынан шыққан өрт төрт бірдей пәтерді шарпыды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, алтыншы және жетінші қабаттан жарылыс болғандай дыбыс естілген.

- Қою түтіннің кесірінен түк көрінбей, кызыл жалынды ауыздықтау қиынға соқты. Тілсіз жауды тұншықтыруға төрт мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сыртқа шығарылған 11 тұрғынның арасында 6 және 7 жастағы екі бала бар. Оқиға орын алған жерден екі канистр табылды, - дейді № 2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Арман Мұсағажинов.

Облыстық ТЖД жедел кезекшілік департаменті бастығының орынбасары Максим Варзеговтың айтуынша, қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 30 шаршы метрді жалмаған. Өрт 20 минуттың ішінде ауыздықталды.

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Штормовое предупреждение: какие регионы Казахстана в среду накроет непогода

"Страна незаинтересована": в Азербайджане высказались о сыне Плющенко

Токаев направил соболезнования правителю Дубая

Когда полицейские могут останавливать водителей на дорогах Казахстана

Двух сотрудников КНБ осудили за обман иностранца на деньги