Жол құрылысының сапасы – билік назарында

Zakon.kz
Дархан Сатыбалды қаладағы тозығы жеткен көшелерге салынып жатқан асфальт жолдардың жұмыс барысымен танысып, тиісті сала мамандарына құрылыс жұмыстарын өз деңгейінде жүргізілуін нықтап айтты.
Облыс әкімінің орынбасары Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Арыс қаласында болып, ондағы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Ең алдымен ол облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32» автомобиль жолының 218-690 және 209-480 шақырымындағы көпірдің құрылыс жұмыстарын аралап көрді, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Онда облыс әкімінің орынбасары аталған құрылысты жүргізіп отырған мердігер мекемеге көпір құрылысының сапалы, әрі тиісті мерзімінде аяқталуын, ал сала басшыларына орын алған кемшіліктер мен атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты баяндап отыруды тапсырды.

Сонымен қатар, сапары кезінде қаладағы тозығы жеткен көшелерге салынып жатқан асфальт жолдардың жұмыс барысымен танысып, тиісті сала мамандарына құрылыс жұмыстарын өз деңгейінде жүргізілуін нықтап айтты.

Айта кету керек, еліміздегі жолдардың сапасы туралы Мемлекет басшысы бұл саланы сынға алып, құрылыс саласында жаңа технологияларды енгізу арқылы күрделі шығындарды азайту және сапаны арттыру жұмысы нашар жүргізіліп жатқанын айтып "нәтижесінде жаңадан салынған автомобиль жолдарын пайдалануға берген бір жылдан кейін қайта жөндеу керек болады" деген болатын.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых