Павлодарда үшінші ЖЭО-да болған оқиға салдарынан бір адам жансақтау бөліміне жеткізілді

Zakon.kz
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 1961 жылы туған әйел №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Павлодарда үшінші жылу электр орталығында болған оқиға салдарынан бір адам жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімінде мәлім еткендей, оқиға кеше сағат 14.30-да орын алды. Салдарынан қазандық цехында құбыр жарылып, жұмысшы ыстық буға күйіп қалған.

- Осы уақытта 2016 жылы 22 маусымда жөндеуге жіберілген №5 қазандықты қоршау жұмыстары жүргізіліп жатқан. Күтпеген жерден «САЭМ Павлодар» ЖШС-нің бесінші дәрежелі отқа төтеп беруші жұмысшысы күйік алған. Осы оқиғаға қатысты арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Алдағы уақытта төтенше жағдайдың шығу себеп-салдары анықталатын болады, - деді қоғаммен жұмыс істеу бөлімінде.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 1961 жылы туған әйел №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр. Зардап шеккен әйел үшінші дәрежелі күйік алған.

Назым Қарабаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

В Африке зафиксировали критический этап разлома континента

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых