Отырарда «Жұмыспен Қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жоспардан артық орындалуда

Zakon.kz
Жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 1524 азамат өтініш білдірген.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында республикамызда бірқатар оңды істер атқарылып келеді. Бұл бағытта бүгінде Отырар ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік бағдарлама өз үдесінен шығып отыр. Жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 1524 азамат өтініш білдірген, деп хабарлайды zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі таңда жоспарланған меже 106,9 пайызға орындалды. Оның ішінде, бағдарламаның I бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 7 нысанда 130 жұмыс орны ашылып, 67 жергілікті азамат жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта қосымша осы бағыт бойынша 95 жұмыс орны ашылып, 50 азаматты жұмыспен қамту көзделуде.

II бағыт «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» арқылы есепті мерзімде 85 адамға 214,2 млн. теңге шағын несие беріліп, онда 99 жұмыс орны ашылды. 15 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Бағдарламаның III бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аясында бос және жаңа жұмыс орындарына 881 адам тартылып, жылдық жоспар 79,3 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындары 38 мекемеде ашылып, оған 121 адам жолданды. Ал 89 жас маман жастар практикасына тартылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту да өз дәрежесінде орындалуда. Есепті мерзімде 84 адам жұмыспен қамтылды.

Фото: dknews.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана