Б.Сағынтаев аймақтарда жылу маусымына әзірлікті жылдамдатуды тапсырды

Министр Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Астана қаласында көмір сатып алып қою қарқыны төмен екенін атап өтті.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жауапты ведомстволарға аймақтардың жылу маусымына әзірлігі мәселесін пысықтап, келесі ҚР Үкіметі отырысына дейін шешім қабылдауды тапсырды. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері алдағы жылу маусымына отын сатып алуға бюджеттік тапсырыстар бергенін хабарлады.

«Үкімет резервінен бұл мақсаттарға осы жылдың соңына дейін 1 млрд 862 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 1 528 млн теңге сомасына 30 364 тонна көлемінде мазут сатып алуға және 335 млн теңге сомасына 92 мың тонна көлемінде көмір сатып алуға бөлінді», – деді Қ.Бозымбаев.

Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев есеп берді.

«Алдағы жылу маусымына әзірлік мақсатында министрлік 2015–2017 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекітті, оған сәйкес облыстарда жылыту нысандары, білім беру және денсаулық сақтау нысандары даярлануда. Қазіргі кезде әкімдіктер 10 967 білім беру нысанын жөндеуден өткізіп, қысқа әзірледі. Денсаулық сақтау нысандарының да 96% қысқа дайын. Әкімдіктердің мәліметтері бойынша, қазандықтардың 96% жөнделді, қалған 4%-ы 2016 жылдың 15 қазанына дейін әзір болады. Қуаттылығы 100 гигакаллорий болатын қазандықтар мен жылу көздері үшін отын дайындауға қатысты айтсақ, бұлар бойынша көмірмен қамтамасыз етілу 64%, мазутмен қамтылу – 48% құрайды», – деді Қ.Бишімбаев.

Министр Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Астана қаласында көмір сатып алып қою қарқыны төмен екенін атап өтті.

Фото: pavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: