Б.Сағынтаев Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

Zakon.kz
Келіссөздер барысында Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылу жайы талқыланды.
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен және Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браунмен кездесу өткізді. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Келіссөздер барысында Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылу жайы талқыланды. Сонымен қатар болашақтағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды.

Қазақстан 1992 жылдың шілде айынан бері Дүниежүзілік банктің мүшесі болып табылады. Осы уақыт ішінде 45 жобаны қаржыландыру мақсатында Банк Қазақстанға жалпы сомасы 8 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.

Фото: kazradio.kaztrk.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч