БҚО-да есірткі плантациясы табылды

Zakon.kz
Заңсыз сора өсірген үш азамат тұтқындалды. Олар – Қызылорданың 65 және 54 жастағы екі азаматы, сондай-ақ 52 жастағы Орал тұрғыны
Батыс Қазақстан облысының ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі плантациясын тапты. Сарапшылардың есептеуінше, қара базарда сораның мұндай топтамасын 50 млн теңгеге сатуға болады, деп хабарлайды BNews.kz.

Полицейлердің ақпаратына сүйенсек, плантация Зеленов ауданы Шолпан ауылының қасында адам баласы аяқ баспайтын, жолы қиын жерде жасырын өсірілген. Анаша өсірілген учаскенің жанынан Орал өзені ағып жатыр.

«Заңсыз сора өсірген үш азамат тұтқындалды. Олар – Қызылорданың 65 және 54 жастағы екі азаматы, сондай-ақ 52 жастағы Орал тұрғыны», - дейді БҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Әсел Бедрова.

1965 түп сора мен 132 келіден аса марихуана тәркіленді. Күдіктелерден сораны өсіруге арналған құралдар табылды.

«Қазір ұсталғандар Орал қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 2-бөлімі 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевин.

Фото: bnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды