Павлодарлық полицейлер ҚР-ның аумағында мекендеу ережесін бұзған мыңға жуық адамды ұстады

Zakon.kz
Шетелден келген азаматтарды заңсыз жұмысқа қабылдаған 12 факт белгілі болды.
Павлодарлық полиция қызметкерлері бес күннің ішінде ҚР-ның аумағында мекендеу ережесін бұзған 909 адамды ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей «Заңсыз келуші-2016» атты жедел-профилактикалық шара кезінде Павлодар облысында ҚР-ның аумағында мекендеу ережесін бұзған 909 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың 588-нің Қазақстанда тұру мерзімі қысқартылса, 47-не қатысты сот үкімінің шешімімен мемлекеттен шығару жазасы қолданылды.

Бұдан басқа, шетелден келген азаматтарды заңсыз жұмысқа қабылдаған 12 факт белгілі болды. Сонымен қатар, ҚР-ның шекарасын заңсыз бұзған 61-жастағы ер адам ұсталды.

Фото: pavlodarnews.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты