30 тоннадай азық-түлік Ресей шекарасынан елімізге кері қайтарылды

Zakon.kz
Өнім Новосібір мен Алтай өлкесінде сатылу үшін Қазақстан және Қырғыз Республикаларының автомобиль көлігімен тасымалданған.
Қазан айының басынан бері Ресейдің Новосібір облысының аумағына карантинге іліккен 70 тоннадан астам өнімді кіргізуге тыйым салынды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Новосібір облысы бойынша Ресей ауылшаруашылығын бақылау басқармасының хабарлауынша, үстіміздегі жылдың жылдың қазан айының басынан бері Новосібір облысы бойынша Ресей ауыр шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары «Қарасуық» фитосанитарлық бақылау бекетінде карантинге іліккен 24,832 тонна қырғызстандық, 28,88 тонна қазақстандық және 20 тонна өзбекстандық өнімді тоқтатты.

Өнім Новосібір мен Алтай өлкесінде сатылу үшін Қазақстан және Қырғыз Республикаларының автомобиль көлігімен тасымалданған.

«Карантиндік фитосанитарлық бақылау кезінде аталған өнімдер олардың фитосанитарлық қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз немесе жалған құжаттармен тасымалданғаны анықталды», делінген хабарламада.

Халықаралық карантиндік заңнама талаптарына сәйкес, барлық өнімді Ресей Федерациясы аумағына енгізуге тыйым салынды. Жүк Қазақстан және Қырғыз еліне кері қайтарылды.

Фото: Baq.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Казахстанцам открыли безвизовый въезд в популярную страну Европы

Бибисара Асаубаева решила изучать казахский язык