Бестөбе кентінде бір тәуліктің ішінде 14 алтын іздеуші ұсталды

Zakon.kz
4 қылмыстық іс ҚР ҚК 287 бабы бойынша, 6 қылмыстық іс ҚР ҚК 196 бабы бойынша қозғалды.
Ақмола облысының Бестөбе кентінде бір тәуліктің ішінде 14 алтын іздеуші ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Полицейлердің мəліметі бойынша жыл басынан бері мұнда 5 200 алтын іздеуші ұсталып, Ақсу жəне Бестөбе кентіндегі полиция бөлімшелеріне жеткізілген.

«Осы күні Степногорск қаласының маңындағы алтын кеніштеріне пайда табу үшін көрші облыстармен қатар, еліміздің Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарынан тұрғындардың келіп отырғаны анықталып отыр. Осыған орай, жол патрульдік полиция қызметкерлері арнайы рейдттер барысында 1 000 астам көлікті тексерген. Қала аумағында руда өңдейтін 25 шағын цех, 20 тоннадан астам құрамында алтыны бар квартц рудасы тәркіленді. Оған қоса, Бестөбе және Ақсу кентіндегі шахталарда тереңдікке заңсыз кіру жолдары анықталды.

Барлық оқиғаларға байланысты 160 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 99 қылмыстық іс ҚР ҚК 334 бабы бойынша, 4 қылмыстық іс ҚР ҚК 287 бабы бойынша, 6 қылмыстық іс ҚР ҚК 196 бабы бойынша қозғалды.

Заңсыз кен қазу адам өміріне қауіпті. Сол себепті тәртіп сақшылары алтын іздеушіні анықтап, олардың жолын кесу арқылы алдын алу шараларын жүзеге асыруда.

«...алтын іздеушілер арнайы киім мен құрал-жабдықсыз шахтаға түседі. Қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан олар жарақат немесе ажал құшуы мүмкін», дейді полицейлер.

Фото: www.youtube.com
Астана
Акмолинская область
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды