БҚО-да суға кеткен балықшының туыстары дайверлерден көмек сұрауда

Zakon.kz
Қаза тапқан ер адамның ағасының айтуынша, құтқарушылар оны бір аптадан бері іздеп жатыр, еш нәтиже жоқ.
Суға кеткен ер адамның туыстары мүрдені табуға даейверлердің көмектесуін өтінді, деп хабарлады ҚазАқпарат, «Мой город» жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 16 қазанда Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы Солянка өзенінде орын алды.

Қаза тапқан ер адамның ағасының айтуынша, құтқарушылар оны бір аптадан бері іздеп жатыр, еш нәтиже жоқ.

«16 қазанда ағам достарымен бірге балық аулауға кетті. Қатты желден толқын көтеріліп, резеңке қайық аударылып кетеді, олар суға бата бастайды. Жақын жерде тағы да балықшылар болған. Олар досын құтқарып үлгерген. Ағама жетуге бір метр қалғанда, ол батып кеткен. Қазір дайвингистер мен жерді толықтай сырттан бақылайтын аппараты бар адамдар іздеп жатырмыз. Дене жағаға шығып қалған болуы да мүмкін. Өзен жағалауында тығыз қамыс өсіп тұр. Құтқарушыларға іздеу қиынға соғуда. Бүгін іздеуге екі құтқарушылар тобы келуі тиіс», - деді балықшының бауыры Ерлан Асанов.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Токаев направил соболезнования правителю Дубая

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Их жизнь перевернется: пять знаков зодиака ждут любовь, деньги и успех