ОҚО-да бойжеткендер букмекерлік кеңсені тонап кетті

Zakon.kz
Факті бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.
Ұрылар 350 мың теңгені қолды етті де, қылмыс орнынан бой тасалады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

ОҚО Отырар ауданы Шәуілдір елді мекенінде букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалды. Қарақшылық шабуыл жайлы хабарлама жергілікті ІІБ кезекші бөліміне түсті. Оқиға орнына келген полицейлер түнгі он екі жарымда бетперде киген үш қыз букмекерлік кеңсеге баса-көктей кіргенін анықтады.

Бойжеткендер қызметкерлерді пышаққа ұқсас затпен қорқытып, кассадан ақша алып кеткен, қарақшылардың табысы 350 мың теңге болды.

Шабуыл сәті видеокамераға түсіп қалған, жазбаның арқасында жедел қызметкерлер күдіктілердің ізіне түсті.

Бұдан басқа, қылмыскерлер оқиға орнына басқа да дәлелдер қалдырып кеткен. Жедел іздеу шарасы кезінде полицейлер 1987, 1990, 1991 және 1998 жылдары туған 4 бойжеткенді ұстады. Заттай айғақ ретінде олардан 30 мың теңгеден астам қаражат тәркіленді.

Факті бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Казахстанка разозлилась на объявления КСК и отсудила компенсацию

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

"Чемпионы отдыхают": Михаил Шайдоров засветился с девушкой на Мальдивах

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление