Шығарылған өнеркәсіп өнімдері ең төмен 7 өңір белгілі болды

Zakon.kz
Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге машина жасаудағы 18,6 пайыздық төмендеу кері әсер етуде.
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индустриялық бағдарламаның арқасында бүгінгі күні кен өндіру өнеркәсібіндегі төмендеудің орны өңдеу салаларындағы оң серпінмен толығып отыр. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,6 пайызды құрады. Өңдеу бөлінісінде металлургия өнімдерін өндіру - 7,8, ағаш бұйымдары - 8,7, тамақ өнімдері - 3,5, дәрі-дәрмек препараттары - 2,1, резеңке және пластмасса - 1,8, сондай-ақ мұнай өңдеу 0,4 пайызға өсті», - деді ол.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге машина жасаудағы 18,6 пайыздық төмендеу кері әсер етуде. Бұл ретте өңірлік бөліністе өнеркәсіп өнімдері шығарылымының өсуі 9 өңірде, төмендеу 7 өңірде тіркелген.

«Көшбасшы үштікке 5,2 пайыздық өсіммен Қарағанды облысы, 4,9 пайыздық өсіммен Оңтүстік Қазақстан облысы,4,5 пайыздық өсіммен Ақмола облысы кірді. Ең көп төмендеу Қызылорда облысында - 10,0, Маңғыстау облысында - 3,6, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында - 2,5 пайызға байқалып отыр», - деді Бишімбаев.

Фото: otyrar.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана