Павлодар облысында өрттен 56 жастағы ер адам көз жұмды

Zakon.kz
Қызыл жалын Мир көшесі, 4 мекенжайында орналасқан төрт бөлмелі қамыс үйдің 45 шаршы метр аумағын шарпыған.
Павлодар облысы Железин ауданының Башмачное ауылында орын алған өрт бір адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, қызыл жалын Мир көшесі, 4 мекенжайында орналасқан төрт бөлмелі қамыс үйдің 45 шаршы метр аумағын шарпыған. Оқиға орнынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды.

- Өрт сағат 00.45-те ауыздықталып, 02.58-де толық сөндірілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрам мен өрт сөндіру бөлімінен жеті адам, өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінен екі техника бірлігі жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Абылайхан Құсанов.

Авторы: Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период