Алматыдан шыққан көліктер тексеріледі

Zakon.kz
Қауіпсіз қала бағатындағы шараларға тоқталатын болсам, 2012 жылдан бері Алматыда жолдағы қауіпсіз қозғалыстың автоматты жүйесі жұмыс істеп келеді. Қазіргі жол ережесін бұзу фактілерін камералар тіркейтінін және айыппұл туралы мәлімет үйге бағытталатынына барлығы үйреніп қалды.
Алматыда айыппұлы бар жүргізушілермен күрес басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанна Төлегенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қауіпсіз қала бағатындағы шараларға тоқталатын болсам, 2012 жылдан бері Алматыда жолдағы қауіпсіз қозғалыстың автоматты жүйесі жұмыс істеп келеді. Қазіргі жол ережесін бұзу фактілерін камералар тіркейтінін және айыппұл туралы мәлімет үйге бағытталатынына барлығы үйреніп қалды. Осы арқылы жүргізуші мен полиция қызметкерлерінің тікелей байланысы төмендейді. Бүгінде шаһарда 70 қиылыста «стоп» жолағынан асып кету, ал 34 учаскеде жылдамдықты асыру фактілері тіркеледі. Үш жылда 2 млн. ереже бұзу анықталды. Атап айтқанда, жобаның бірінші жылы айппұлдарды төлеу деңгейі тек 30 пайызды құрады, екі жылда жүргізушілердің жауапкершілігі екі есеге артып, бүгінде есептелген айппұлдардың 60 пайызға жуығы төленуде. Дегенмен де 40 пайызы өтелмей жатыр»,-деді Ж. Төлегенова.

Осы орайда ол көлік иелерінің бір бөлігі Алматыда тіркелмегенін және оларды табу қиындау екенін атап өтті. Қазіргі кезде осы бағытта тиісті шаралар атқарылуда. Сонымен қатар тағы да жолдың152 учаскесін бақылауға алу жоспарланып отыр. «Атап айтқанда, қала аумағынан шығу және кіру қозғалыстарын тіркеуге алу ескерілуде.

Бірнеше жыл бұрын Астанада қаладан шыққан кезде көліктерді тоқтатып, жазылған айппұлдар тексерілген еді. Айппұл бойынша деректер нақтылан кезде көлік қаладан шығарылмай, айып тұрағына жеткізіліп жүрді. Осындай шараны Алматыда да ұсынбақпыз»,-деді Төлегенова.

Фото: www.inform.kz
Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды