Қостанай көшелері көктайғаққа айналды

Zakon.kz
Кешеден бері көшелерде құлап, қол-аяғы шығып, жарақат алғандардың қатары көбейген.
Қостанайда екі күн бұрын жауған қар аралас жаңбырдың соңы аязға ұласты. Салдарынан облыс орталығының көшелері көктайғаққа айналды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Қазір күн біресе еріп, біресе суытып, тұрғындарды әбігерге салып тұр. Кешеден бері көшелерде құлап, қол-аяғы шығып, жарақат алғандардың қатары көбейген. Қалалық аурухананың жарақаттану бөлімінде қазір жұмыс қауырт. Әдеттегі күндері мұнда 40-50 науқас шағыммен келетін болса, қазір ол екі есеге дейін артқан.

Игорь Войтов, қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

- Кеше 89 адамға жәрдем көрсеттік. Бүгін түске дейін жарақатпен келген жетпіске тарта науқасты қарадық. Көбісі тізе, тобығын тайдырып, етін ауыртып алған. Қатты зақым алған 7-8 адам ауруханаға жатқызылды. Ауа райына байланысты туындаған жағдайды бақылауға алып отырмыз.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч