Павлодар облысында екі адам тірідей жанып кетті

Zakon.kz
Тағы бір оқыс жағдай Павлодар қаласында болды. 9 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында тұрмыстық заттар жанды.
Павлодар облысына қарасты Лебяжі ауданының Черное ауылында төрт бөлмелі үй өртенді. Салдарынан үйдің ішінде қалып қойған екі адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Абылайхан Құсмановтың хабарлауынша, қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Оқиға орнынан екі адамның мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, 42 және 44 жастағы ауыл тұрғындары тірідей жанып кеткен. Өртті сөндіруге 14 адам атсалысты. Қазіргі таңда төтенше жағдайдың себебі мен шығын мөлшері анықталуда», - дейді Абылай Құсманов.

Тағы бір оқыс жағдай Павлодар қаласында болды. 9 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында тұрмыстық заттар жанды. Салдарынан 6 жасар бала ауруханаға жатқызылып, 40 адам сыртқа шығарылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 20 маманы жұмылдырылған.

Айта кетейік, Ертіс өңірінде жыл басынан бері 700-ден астам өрт болды, салдарынан 20-дан астам адам көз жұмды. Оның ішінде тұрғын үй секторында 492 өрт тіркелді.

Ермек Елемесов

Фото: baq.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч