Ақмола облысында жол апатынан 21 жастағы қыз көз жұмды, тағы 4 адам зардап шекті

Zakon.kz
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде.
Ақмола облысы аумағында орын алған жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жол апаты қарашаның 13-і күні Аршалы ауданының аумағы арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1154-ші шақырымында орын алған.

«Астана қаласына бағыт алған «Тойота Сиена» (Минивен) көлігінің 1984 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Скания» (Фура) көлігімен соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан «Тойота Сиена» көлігінің ішінде отырған 1995 жылғы жолаушы қыз ауруханға апара жатқан жолда қайтыс болды. Сондай-ақ, аталған көліктің тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аурханаға жеткізілді», - деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде.

Фото: vseverske.info


Астана
Акмолинская область
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды