Павлодарда жыл басынан бері қоғамдық көлікке қатысты 400-ге жуық шағым түскен

Zakon.kz
Бүгінгі күні қоғамдық көлікте жүру мәселесі тұрғындар арасында өзекті мәселеге айналып отыр.
Павлодарда жыл басынан бері қоғамдық көлікке қатысты 400-ге жуық шағым түскен. Бұл туралы pavlodarnews.kz ресми сауалхатына берген жауабында Павлодар қаласы әкімі аппарат жетекшісінің міндетін атқарушы Төлеухан Сқақов мәлім етті.

- Бүгінгі күні қоғамдық көлікте жүру мәселесі тұрғындар арасында өзекті мәселеге айналып отыр. Мысалы, Теміржолшылар және Жаңа ауыл кенттерінің тұрғындары ауылға дейін қатынайтын жеке автобус сұраған болатын. Енді бұл ауылдарға №42 және 14 «э» автобустары қатынайды. Сонымен қатар, «Сарыарқа» шағын ауданы тұрғындары мен № 9 және 22 мектеп оқушылары мен ұстаздардан да шағым түсті. Олар Шөкин көшесі бойымен жүретін қоғамдық көліктің тым азайып кеткенін тілге тиек етті.

Осылайша, 12 қарашадан бастап № 5 автобус бағыты Шөкин көшесіне ауыстырылды, - деді Төлеухан Сқақов. Жалпы жыл басынан бері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қала тұрғындарынан 123 шағым, ал қала әкімі мен облыс басшысының блогына қоғамдық көлікке қатысты 260 өтінім мен жолдау түскен.

Назым Қарабаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо