Павлодарда аяз салдарынан бір адам ажал құшып, екі тұрғын аяғынан айырылды

Zakon.kz
Жалпы, өңірде түрлі үсік шалған 22 адам ауруханаға жатқызылған.
Павлодарда аяз салдарынан бір адам көз жұмып, екеуі аяғынан айырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық денсулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш аптаның ішінде қалалық №1 ауруханаға дәрігерлердің көмегегіне 13 адам жүгінген. Олардың сегізі ем қабылдауға жатқызылған. Ауа райының суытуына байланысты 67 жастағы ер адам екі сирағынан, ал 65 жастағы науқас екі табанынан айырылды.

Бұдан басқа, бүгін Естай көшесіндегі Қалалық саябақ аялдамасының қасындағы құдықтан белгісіз ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлерінің алдын ала болжам бойынша азаматтың тұрақты баспанасы жоқ. Ол құдыққа жылыну үшін түсіп, сол жерде көз жұмған көрінеді.

Жалпы, өңірде түрлі үсік шалған 22 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың бесеуі - Ақсу қаласының, қалған төртеуі - Екібастұз қаласы мен Лебяжі, Шарбақты аудандарының тұрғындары.

Авторы: Фариза Қазыбекқызы

Суретті түсірген - Светлана Воронова

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых