Оңтүстіктен шыққан өнер жұлдыздары Шымкентте қайырымдылық концерт берді

Zakon.kz
Концерттен түскен 2 миллион теңге әлеуметтік жағдайы төмен, қоғамдық көмекті аса қажет ететін 8 отбасыға 250 мың теңгеден үлестірілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен «Туған елге тағзым» атты қайырымдылық концерті өтті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпартқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қайырымдылық концертке еліміздің сахналарында өнер көрсетіп жүрген «Шаншар», «Алдараспан», «Нысана», «Шымкент-шоу» сатира театрларымен қатар облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, сондай-ақ, қазақ эстрадасына танымал Марат Омаров, Таңат Мамырханұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада Байпатшанова, Қанат Үмбетов сынды әншілер қатысып, жерлестеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.

Концерттен түскен 2 миллион теңге әлеуметтік жағдайы төмен, қоғамдық көмекті аса қажет ететін 8 отбасыға 250 мың теңгеден үлестірілді.

«Туған жерге тағзым» қайырымдылық шарасында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжанов барша қатысушы ордалы Оңтүстік өңірінің төл перзенттеріне алғысын білдірді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстағы барлық мәдени мекемелер мен мәдениет үйлерінің өнер қызметкерлері тұрақты түрде өңіріміздегі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне барып, арнайы қойылымдар мен іс-шаралар ұйымдастырып балғын балаларды қуантуда.

Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ!

Әрбір жаңа істің басы-қасында жастар жүретіні айдан анық, сол үшін де халқымыз «Асыл тастан, ақыл жастан» деп, жастардың қоғам дамуындағы рөліне ерекше мән берген. Жастар қашанда ізгі іс-шаралардың басы-қасында жүреді. Оған бүгінгі жастардың іс-әрекеті дәлел!

Фото: оntustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана