ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында 60 Қызылордалық отбасы қоныс тойын тойламақ

Zakon.kz
2013-2016 жылдар аралығында Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді.
26 қараша күні Қызылордада апаттық жағдайдағы үйлердің орнына салынған 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтады.

- Соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы, яғни 30 мыңнан аса тұрғын қоныс тойын тойлады. Соңғы екі жыл ішінде пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы баспаналы болды. Биыл бір мезетте 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2013-2016 жылдар аралығында Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді. Соңғы үш жылда апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындары 144 жаңа пәтерге қол жеткізді. Ал бүгін біз тағы 60 пәтердің кілттерін табыстағалы отырмыз,- деді аймақ басшысы.

60 пәтерлі бұл үйдің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталып, қараша айында аяқталды. Бас мердігер – «Асар-Құрылыс» ЖШС.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды