Қызылордада көмір тапшылығына алаңдаушылық жоқ

Zakon.kz
Қызылордада жылыту маусымы басталғаннан бері қала бойынша тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ететін бірқатар мердігер мекемелер жұмыс жасауда.

Қызылордада жылыту маусымы басталғаннан бері қала бойынша тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ететін бірқатар мердігер мекемелер жұмыс жасауда. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша бұған дейін өңірде көмір тапшылығы орын алмаған. Ал әлеуметтік нысандарға келсек, бүгінде олардың барлығы толықтай сұйытылған отын және газбен қамтамасыз етіліп отыр. Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінiң басшысы Елмұрат Рахматуллаевтың айтуынша, жылыту маусымы кезінде аталған мәселені болдырмау мақсатында көмір өндіруші және тасымалдаушы мекемелермен бірігіп тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоғарыда айтылған аймақ тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ететін мекемелердің бірі “Олжас” ЖШС 2 күн сайын 4-5 вагоннан көмір жеткізсе, “Мч” ЖШС өндіруші мекемеге 150 вагон көмірге тапсырыс беріп үлгерген. Алдағы уақытта тиісті тауарлар өңірге жеткізілетін болады. Бүгінге дейiн қалаға тасымалдаушы мекемелердің ықпалымен 30 вагон көмір жеткізіліп отыр. Сондықтан тұрғындардың аталған мәселеге алаңдауына еш негіз жоқ. Алдағы уақытта да тиiстi жұмыстар атқарылып, қаламызда көмір тапшылығы орын алмайды.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды