Елордада синтетикалық есірткі заттары контрабандасының ірі арнасы әшкереленді

Zakon.kz
Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді және ол бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Елордада синтетикалық есірткі заттары контрабандасының ірі арнасы әшкереленді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2016 жылғы 1 желтоқсанда ҚР ҚМ МКК Экономикалық тергеулер қызметінің офицерлері синтетикалық есірткі заттардың контрабандасының ірі арнасын әшкереледі. Олар жедел-іздестіру шараларының аясында Астана тұрғыны С. деген азаматты ұстады.

Одан метилендиоксиметамфетамин (экстази) психотроптық заты бар 981 таблеткасы алынды», - делінген хабарламада. Ведомство ақпаратына сәйкес, тәркіленген есірткі партиясының қара нарықтағы болжамды бағасы 15 млн. теңгені құрайды.

Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді және ол бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. «С. деген азамат сот санкциясымен қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - делінген ақпаратта.

Фото: nv86.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо