“Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанып ұшты-күйлі жоғалған Ержан Еліков АҚШ-тан табылды

Zakon.kz
Бұған дейін қазақстандық студенттің із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған еді.
“Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанып ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық студент Ержан Еліков АҚШ-тан табылды. “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ президенті Жанболат Мелдешовтың айтуынша, табылған студент туралы мәліметтер мен байланыс нөмірлері оның әкесіне берілген, деп жазады stan.kz.

“Еліков бойынша анықталмаған ақпарат бар. Әкесі ұлымен хабарласа алмай жатырмын деген, біз ұлын таптық. ол Америкада бақуатты өмір сүріп жатыр. Мекен-жайы мен телефон нөмірін әкесіне бердік”, – деді Мелдешов.

Ол сонымен қатар, енді ата-анасының мемлекетке 19 миллин теңге қайтару керектігін де атап өтті. Халықаралық бағдарламалар орталығы Еліковты шетте оқыту үшін осыншама қаражат жұмсаған.

Бұған дейін қазақстандық студенттің із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған еді.

Еске сала кетсек, Өскемен тұрғыны 5 жыл бұрын Пенсильвания штатында жоғалып кеткен. Ол “Болашақ” бағдарламасы аясында биотехнология және гендік инженерия факультетінде білім алған. Қазір жоғалған студентті іздеуге Қазақстанның сыртқы істер министрлігі кірісті.

Студенттің ата-анасы ҚР сыртқы істер министрлігіне хабарласып, ұлдарының жоғалғаннан бері 5 жыл өткенін айтқан болатын.

Жанболат Мелдешовтың сөзінше, 2005 жылдан бері “Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанған студенттер ішінен 155-і елге қайта оралмаған. Бұл ретте олар мемлекетке 1,9 млрд теңге қарыз болып қалған. Қазіргі күнге дейін аталған соманың 500 миллионы қайтарылыпты.

Фото: stan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Казахстанцам, стоящим в очереди на госжилье, сообщили хорошую новость