Отандық қолөнер шеберлері қазақтың бұрынғы жеке гигиена құралдарын жасап шығарды

Zakon.kz
Алдағы демалыс күндері, 17-18 желтоқсанда Астанадағы «Керуен» сауда орталығында «Шебер-Керуен» фестивалі өтеді.
Астанадағы «Шебер-Керуен» фестиваліне арналған баспасөз мәслиxаты аясында отандық қолөнер шеберлерінің кейбір бұйымдары таныстырылды. Соның ішінде қазақтың бұрынғы гигиеналық құралдары да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Кейбіреулер көшпенділерді тазалықты сақтамаған, нас xалық деп айтады. Ал, енді, мына бір жүзікті қараңызшы. Ол шағын сандық сияқты. Соның ішінде тіс шұқылауға, құлақ пен тырнақ тазаулауға арналған құралдар сақталған. Қазақтың қыздары осыны сырға ретінде, я болмаса, беліне тағып жүретін.

Ондай жүзіктер әйелдерде ғана емес, ер адамдарда да болған», - дейді Қазақстанның қолөнер шеберлері одағының төрайымы Айжан Бекқұлова. Бұдан бөлек, отандық қолөнер шеберлері қазақта болған емізіктің нұсқасын жасап шығарды. А.Бекқұлованың айтуынша, бұрын оның ішіне қой құйрығының майын салып қоятын. Бала емізікті сорған кезде май еріп, түтіктер арқылы шығатын.

«Ал ұлттық киім үлгілеріне келер болсақ, біз қазақтың бұрынғы белдемшесін қайта шығардық. Оны тұрмысқа шыққан келіншектер киетін. Белдемшені көйлектің үстіне киеді. Ол бүйрек пен белді суықтан қорғайды. Меніңше, қазақтың әйелдері осыны киюі тиіс», - деп атап көрсетті А.Бекқұлова.

Алдағы демалыс күндері, 17-18 желтоқсанда Астанадағы «Керуен» сауда орталығында «Шебер-Керуен» фестивалі өтеді. Соның аясында еліміздің үздік қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, «Шебер - 2016» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталып, сән дизайнерлерінің киім көрсетілімі, тегін шеберлік сағаттар және тағы басқа мәдени шаралар өтеді.

Автор: Арман Асқаров

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Большая честь для нас": Геннадия Головкина эмоционально встретили в Сербии

Редкие книги, тайказан и рукописный Коран: чем удивил мавзолей Яссауи лидеров ОТГ

Мошенники выманили у пенсионерки почти миллиард тенге и золотые слитки

На конкурсе "Евровидение" победила певица из команды Филиппа Киркорова

Муж Свитолиной трогательно поздравил ее с победой в Риме