Шығыс Қазақстанда заңсыз шырша кесуге қарсы күрес күшейеді

Zakon.kz
«Шырша-2016» шарасы айдың соңына дейін жалғасады.
Елімізде қылқан жапырақты ағаштардың 70 пайызы Шығыс Қазақстан өңірінде өседі. Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында өңір орманшылары шыршаларды кесуге қарсы күресті күшейтпек, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Осыған байланысты әрбір аудан-қалалардың кіреберісіне арнайы тексеру бекеттері орнатылды. Өскемен орман шаруашылығы 3 бекет және 60 мобильдік топ құрған. Табиғат қорғау полицейлері бір заң бұзушыны ұстап, айыппұл салған. «Шырша-2016» шарасы айдың соңына дейін жалғасады.

Ерлан Нұржанов, «Өскемен орман шаруашылығы» МКК инженері:

- Ол мобильді топта 3 адам жүреді. Жүргізуші, екі орманшы. Содан кейін керек кезде полиция қызметкерлерін шақыртып аламыз. Олар орман алқаптарымен жүріп, егер заң бұзушылық, ағаш кесу болса сол жерден тоқтатып хаттама толтырып, полиция қызметкерлеріне беріледі.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Ученые нашли огромные тоннели, которые не были созданы людьми или природой

Хорошую новость объявили казахстанцам по платным дорогам

Морозы до -28°С, снег и метель обрушатся на Казахстан

"Снег, шторм, погодное ЧП": синоптики предупредили о плохой погоде по всему Казахстану

Выездной матч закончился драмой для лидера "Барыса"