Қазақстанда көліктердің бағасы күрт қымбаттайды деп болжануда

Zakon.kz
2016 жылдың 11 айында ресми диллерлер 38,8 мың жеңіл көлік әкелген.
Келесі жылы жеңіл көлік құны бірден 15 %-ға қымбаттайды. Отандық автокөлік өндірісі соңғы 11 айда 61,5 млрд теңгенің темір тұлпарын шығарған. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Елімізде электромобильдерге сұраныс аз. «ҚазАвтоПром» одағының басқарма төрағасы Олег Алферов мұны бағасының жоғары болуымен байланыстырып отыр.

Отандық автокөлік өндірісі соңғы 11 айда 61,5 млрд теңгенің темір тұлпарын шығарған. Бұл дегеніміз 10 мың 125 автокөлік. Нәтижесінде, отандық жеңіл көліктерге деген сұраныс төмендеп, жүк теникаларына деген сұраныс артқан. «2020 жылға қарай индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы арқылы Қазақстан нарығындағы жаңа көліктер санын 300 мыңға жеткізу көзделген. Алайда, бұл жоспардың уақыты кейінге шегерілді», – деді басқарма төрағасы. Жалпы, өткен жылдың мамыр айынан бастап автокөліктерге жасалған жеңілдік нәтижесінде 87 586 темір тұлпар сатылған.

«Қазір нарықтағы жағдайға және қымбат болуына байланысты көліктің бұл түріне айтарлықтай сұраныс жоқ. Оған аталған көлік түріне инфраструктураның жоқтығы да себеп емес, себебі оны тұрмыстық электр қуатымен де қуаттауға болады. Оған деген сұраныстың кемуіне негізінен өте жоғары бағада сатылуы себеп болып отыр», – деді «ҚазАвтоПром» Қазақстан автокөлік саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов.

2016 жылдың 11 айында ресми диллерлер 38,8 мың жеңіл көлік әкелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56 пайызға төмен. Былтыр бұл уақыт аралығында 88,4 мың көлік жеткізіліпті. Елімізде өндірілетін және импортталатын су жаңа темір тұлпарлардың бағасы тікелей қара алтынға байланысты екен. Сондықтан да мұнай құны өзгеріске ұшырамаса автокөлік бағасы да тұрақты болады.

Фото: nash-yaroslavl.ru
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо