Астанада өткен жылы 7 628 адам жұмысқа орналастырылған

Zakon.kz
Осы бағыт бойынша 1550 адамды еңбек нарығына қажет мамандықтарға оқыту көзделіп отыр.
Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында 2016 жылы 14 010 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Соның ішінде, 10 496 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл – осы жұмыссыздарың 75%-ын құрайды. Өткен жылы 7 628 адам жұмысқа орналастырылып, 661 адам жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді. 121 адам әлеуметтік жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Сондай-ақ, 2 169 адам қоғамдық жұмысмен қамтылды. 699 адам кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсынан өтті. Барлығы 18 849 жаңа жұмыс орны ашылған, соның ішінде, шағын бизнес саласында 14 343 жұмыс орны жасақталған.

Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының орнына жаңа «Нәтижелі жұмыспен қамту және жалпы кәсіпкерлік» бағдарламасы іске асырылады. Аталмыш бағдарлама аясында қатысушылар техникалық білім алып, қысқа мерзімді кәсіптік білім алады.

Осы бағыт бойынша 1550 адамды еңбек нарығына қажет мамандықтарға оқыту көзделіп отыр. Сонымен қатар, 2780 адамды әлеуметтік жұмыспен, жастар тәжірибесімен және қоғамдық жұмысмен қамту жоспарлаған.

Бас фото: szh.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана