Қазақстандықтар жылына 366 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алады

Zakon.kz
2016 жылы үкімет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі арқылы 160 миллиард теңгеге дәрілік препараттар сатып алған.
Қазақстан халқы жылына 366 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек сатып алады. Бұл туралы Алматыда Мәжіліс депутаттарының отандық дәрі-дәрмек шығарушы компаниялардың басшыларымен өткен кездесуінде айтылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

2016 жылы үкімет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі арқылы 160 миллиард теңгеге дәрілік препараттар сатып алған. Оның ішінде 32 миллиард теңгенің өнімі қазақстандық фармкомпаниялардың еншісінде. Мамандар еліміздің фармацевтикалық нарығының жылдан-жылға өсіп келе жатқанын айтады. 2009 жылдан бері бұл салаға 200 миллион доллардан астам инвестиция салынған. Кездесуде компания жетекшілері ішкі бәсекені арттырып, отандық өндірушілерді шетелдік алпауыттардан қорғаудың тетіктерін қарастыруды ұсынды.

«Қазақстандық дәрі өндірушілермен кездесіп жатқан мақсатымыз – біріншіден өзімізден шығаратын өнімдерді, өзіміздің кәсіпорындарды көбейту. Мамыр айында біз қараған кезде қандай ұсыныстарды беруімізге болады. Қандай қадамдар жасауымыз керек, қандай іс-шара біз қолдануымыз керек. Соны анықтаудамыз», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева.

Фото: lgotyinfo.ru


Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В "Казгидромете" сделали заявление по искусственному дождю

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

В Китае началось строительство самого большого водного проекта в мире

Как поправки в Трудовой кодекс защитят права работников с 4 августа 2026 года