Ақтөбенің халқы көктемде тасқынның астында қаламыз ба деп қорқады

Zakon.kz
Қаладағы қар тазалау жұмыстарына жауапты мекеме басшылары қыс түскелі қаладан 40 000 тоннадай қар шығарылды деп отыр.
Ақтөбенің халқы көктемде тасқынның астында қаламыз ба деп қорқады. Өйткені қыс басталғалы, қаланың жер үйлер көп шоғырланған аудандары қардан бір де бір рет тазартылмапты. Тұрғындар жергілікті билік, қазірден бастап жағдайды қолға алмаса, көктемде судан құтқару қиынға соғуы мүмкін дейді. Бұл туралы 31 арна жазды.

Бұл қыс түскелі қары бір рет болса да тазартылмады деген ауыл тұрғынының назы. Жергілікті әкімшіліктен көмек көрмедік деген азаматтар тіпті оларға сенуден қалдық дейді. Тұрғындар енді қар тазартумен айналысатын мекеменің салғырттығынан көктемде суға кетеміз бе деп қорқады. Өйткені тау болып үйілген қар ерісе ауылымыз бен үйіміздің су астында қалуы әбден мүмкін дейді.
ВЕРА НЕМЧЕНКО, Тұрғын:

- Биылғы қыс түскелі ешкім келіп көшемізді тазартқан жоқ. Көріп тұрсыздар ғой. Қар өте көп. Көктемде суға кетеміз. Қазіргі қорқынышымыз сол. Көшеміз де, ауламыз да тар. Биліктегілер бізді естиді, көреді деген ниеттеміз. Көмек сұраймыз.
Ал қар тазалаумен айналысатын мекеме өкілдері қаладағы қарды күндіз- түні демалыссыз шығарып жатырмыз деп ақталады. Қар түскелі үш айға жуық уақыт болса да, қаланың барлық көшесіндегі қарды тазартуға үлгере алмай жатырмыз,- дейді. Шенеуніктер көктемде суға кетуден қорқып отырған, қарлары тау болып үйілген тұрғындарға баруға әлі де асықпайтын сыңайлы. Өйткені олардың өздерінің қар шығарудағы жоспарлары бар көрінеді.
ЖОМАРТ БАҚЫТКЕЛДІ, Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Сіздің жаңағы айтқаныңыз бойынша үйіліп жатқан қарларға байланысты мен жаңа айтқандай желтоқсан айынан бастап қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Бірден барлық көшенің қарын шығарып тастау мүмкін емес, сондықтан жоспарға сәйкес, біздің кестеміз бар, сол кесте арқылы шығару жұмыстары жүргізілуде.
Қаладағы қар тазалау жұмыстарына жауапты мекеме басшылары қыс түскелі қаладан 40 000 тоннадай қар шығарылды деп отыр. Ал, қыс түскелі қарлары аршылмаған көшелерге техника бармаса, көктемде суға кету қаупі бар.

Фото: Altaynews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Казино и миллионы: во Вьетнаме задержали разыскиваемого блогера из Казахстана

Внешний долг Казахстана вырос до исторического максимума – исследование

Зима вернется в Казахстан в середине апреля – ожидаются резкие морозы до -8°С, ливни и снегопады

Каким будет курс доллара в 2026–2028 годах – прогноз международного фонда

Как изменится процедура сдачи экзаменов на получение водительских удостоверений