Шымкентте 30 жастағы ер адамға оқ атқан күдікті ұсталды

Zakon.kz
Құзырлы орган өкілінің хабарлауынша, қазіргі таңда істің ақ-қарасы анықталып жатыр.
Шымкентте 30 жастағы жігіттің ту сыртынан оқ атқан күдікті ұсталды. Ол 1991 жылы туған қала тұрғыны болып шықты, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Өзгенің өліміне себепкер болған күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген еді. «Тәртіп сақшылары жүргізген шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 25 жастан енді асқан азамат ұсталып, қамауға алынды», - дейді Әл Фараби ауданының прокуроры Хали Маматаев.

Құзырлы орган өкілінің хабарлауынша, қазіргі таңда істің ақ-қарасы анықталып жатыр. «Оның қасында болған сыбайластары да іздестірілуде», - дейді прокурор. Естеріңізде болса, кеше таңертең қаладағы дәмханалардың бірінен шыққан 1986 жылғы жігітке арқа тұсынан оқ атылып, ол ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмған еді.

Авторы: Қанат Жүнісбеков

Фото: Хабар

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов