Биылғы білім гранттарының саны 10 мыңға артады

Zakon.kz
Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы 130 жоғары оқу орнында 520 мыңнан астам адам білім алады.
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ағымдағы жылы бакалавриат, магистратура мен докторантураға қосымша 10 мың грант бөлінеді, деп жазады stan.kz.

«Елдегі демография бойынша алдағы уақытта білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Соған байланысты биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантураға мемлекет есебінен бөлінетін гранттардың саны 10 мың орынға артатын болады. сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен гранттардың саны одан да көп болады деген сенім бар. Ондай норма Мәжілістің қарауында жатыр», — деді Сағадиев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы 130 жоғары оқу орнында 520 мыңнан астам адам білім алады. 500 мыңнан астамы колледжде оқиды. Ал мектепке 2,8 млн оқушы барып жүр.

Фото: Stan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Шестой за неделю пассажир пожаловался на кражу на борту рейса в ОАЭ

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму президенту России