Астанада отбасылардың 80 пайызы жұмыстың жоқтығынан ажырасады

Zakon.kz
Көп отбасы экономикалық тұрғыда, яғни, жұмыстың жоқтығынан ажырасады.
Астанадағы отбасылардың 80 пайызы жұмыстың жоқтығынан және алкольді ішімдіктің кесірінен ажысарады. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Сарыарқа сотының қорытынды жиналысында судья Ләйла Мұздыбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкеновтің айтуынша, былтыр аудандық сот ажырасуға қатысты 1300 істі қараған. «2015 жылы ажырасуға қатысты 1400 іс қаралса, 2016 жылы 1300 іс қаралды. Соның ішінде, судьялар 118 отбасын ымыраға келтіріп, татуластырды. Яғни, судьялар 118 отбасын сақтап қалды»,-дейді А.Жүкенов.

Ал, судья Ләйла Мұздыбаева статистикаға сүйенбей-ақ, ажырасудың басты себебін атап бере аламын, дейді.

«Жеке тәжірибеме сүйене отырып, статистикаға қарамай-ақ, ажырасудың басты себебін айтып бере аламын. Көп отбасы экономикалық тұрғыда, яғни, жұмыстың жоқтығынан ажырасады. Яғни, отағасы көп жағдайда жұмыс істемейді, отбасын асырай алмайды. Әйелдердің сотқа жүгінуіне де басты себеп осы. Ажырасулардың 80 пайызы жұмыссыздық пен алкогольдік ішімдіктің кесірінен болады»,-дейді Л.Мұздыбаева.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Официантка-зумер, на которую накричали на работе, отсудила у работодателя более 7 млн тенге

"С поздравлениями из Караганды": в Сети восхитились семейными кадрами с 81-летия Никиты Михалкова

Казахстанский флаг в Англии: Сатпаев заметил его в толпе и совершил невероятное

До 5 ноября: что выявили во время рейдов по домам и квартирам, раскрыли в МВД

"Вы нам нужны здоровым": 43-летний Сергей Лазарев расплакался прямо на сцене