Жаңаөзенде 5 баланың анасы оларды тәрбиелеуден бас тартты

Zakon.kz
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Маңғыстау облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы ерлі-зайыптылардың балалары кіммен қалатыны медиативтік келісім бойынша жасалды. Енді 5 баланы әкесі тәрбиелейді. Ал анасы бизнеспен айналысып, балаларын өсіруге босамайтындықтан келісім берген. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

«Талапкер өз өтінішінде кәмелетке толмаған бес баланы өзімен қалдыруды сұраған. Себебі, олардың анасы бала тәрбиесімен айналыспайды. Әйел сауда-саттықпен айналысып, көбінесе тауар алып келуге кетеді, ал балалары қараусыз қалған. Әкесінің табысы жақсы, тек балаларының болашағын ойлайды.

Сот отырысы барысында тараптар медиация және iс жүргiзудi қысқарту барысында дауды (шиеленіс) реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш білдірді. Екіжақты шешім бойынша балалар әкесімен қалатын болды. Ол алимент сұрамаған, демек анасы төлемейтін болады. Олардың екеуі де Жаңаөзен қаласында тұрады», - деп айтты Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Гаухар Нұрханова. Әкесі, өз кезегінде, анасының балаларымен қарым-қатынас жасауына қарсылық танытпады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Что посмотреть: 10 новых фантастических фильмов, в которых привычный мир "трещит по швам"

Утреннее столкновение в Алматы: пострадавшие есть, кто был за рулем – неизвестно

Трем пассажиркам одновременно стало плохо на рейсе Алматы – Астана: кто спас их в небе

Выяснилось, сколько заработала Рыбакина за выход в финал турнира в Нинбо

Курсы валют в обменниках Алматы и Астаны на 25 октября