Қостанай облысында ер адам екі әйел мен 14 жастағы қызды зорлап тастамақшы болды

Zakon.kz
Басылымның жазуынша, ер адам қасынан өткен әйелдерге бас салып, оларды зорламақшы болыпты.
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Бірінші май ауылында өткен сенбіде үш әйел азаматшаны зорламақ болған белгісіз ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz, “Наш Костанай” басылымы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, ер адам қасынан өткен әйелдерге бас салып, оларды зорламақшы болыпты.

Бастапқыда зардап шегушілердің барлығы кәмелетке толмағандар деген ақпарат шыққан. Алайда Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған ақпаратты жоққа шығарды.

“Зардап шеккендердің арасында тек бір ғана кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз бар. Қалғандары 1963 және 1983 жылғы әйелдер. Қазіргі таңда 28 жастағы күдікті ұсталып, зорлық жасауға әрекеттенді және есірткі сақтады деген күдікпен айыпталып отыр. Сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалады”, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметкері Елена Кашарина.

Фото: stan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов