Шымкентте 7 пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті құрықталды

Zakon.kz
Ер азамат барлық ұрлығын бір жүйемен іске асырған.
Шымкент қаласында полицейлер пәтер ұрлығына қатысты 20 жастағы күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері соңғы жарты жылда орын алған пәтер ұрлығы жайттарына күдікті 20 жастағы ОҚО тұрғынын қолға түсірген. Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не облыс орталығының ондаған тұрғыны пәтер ұрлығы бойынша арызданып келген.

Сонымен, полицейлерге жәбірленушінің бірі 1991 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны өткен жылдың жаз айында белгісіз тұлға пәтерінен алтын бұйымдары мен ақша салынған әмиянын ұрлап кеткені жөнінде хабар берген. Әл-Фараби ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында күдікті 1996 жылғы Мақтарал ауданының тұрғынын құрықтады, ол жұмыссыз болған, кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда күдіктінің 7 пәтер ұрлығы жайтына қатысы бар екені белгілі болды.

Ер азамат барлық ұрлығын бір жүйемен іске асырған. Тұрғындардың пәтер есіктерін ашық қалдырып, мұқиятсыздығын, өз мүлкіне салғырт қарауын пайдалана отыра, бағалы заттары мен ақшаларын ұрлап отырған. Күдікті барлық ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жүрген.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеден асады. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен («Ұрлық») қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алуа Бостан

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов

Дождь, снег и метель: синоптики рассказали о погоде на 10 марта