Шымкентте өзгенің орнына тест тапсырғандар сотталды

Zakon.kz
Істі қараған судья Еркін Оспановтың мәлімдеуінше, топ серкесі ҚР ҚК 262 бабының 1 тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүліктері тәркіленген.
Шымкентте 19 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Оларға жалған құжат жасау арқылы мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғысы келетін өзге азаматтардың орнына тестке кіріп, сынақ тапсырған деген айып тағылған болатын, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ұйымдасқан топ мүшелері болашақ шенеуніктерге ақылы негізде қызмет көрсеткен. Айыпталушылар бұл әрекеттерін 2013 жылдан бастаған. Және еліміздің барлық аумағында, яғни Астана мен Алматыдан бастап Ақтөбе, Қызылорда мен Көкшетау және Тараз қалаларында да ақылы қызмет көрсеткен көрінеді.

Осы аралықта олардың көмегімен 148 азамат мемлекеттік қызметке орналасқан. Ұйымдасқан топ мүшелері әрбір әрекеті үшін 2-3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып отырған дейді Әл-фараби аудандық сотының судьясы Еркін Оспанов. Топтың жымысқы әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті әшкерелеген болатын. Даулы істі қарау өткен жылдың күзде басталған еді. Оларға қатысты ҚРҚК бірнеше бабы бойынша айып тағылған болатын.

Істі қараған судья Еркін Оспановтың мәлімдеуінше, топ серкесі ҚР ҚК 262 бабының 1 тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүліктері тәркіленген. Ал,оның қасында ұйымдастырушылықпен айналысқан екінші азамат та дәл осындай жазаға кесілген. Осы іске қатысы бар тағы алты азамат 5 жылға сотталған. Олар мерзімін жалпы режимдегі түрмеде өтейді. Ал, қалған 11 адамның ісі қысқарды, - дейді судия Еркін Оспанов.

Авторы: Қ.Жүнісбеков

Фото: Хабар24

Туркестанская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана