Астанада көлік тізгінінде отырып телефонмен сөйлескен 64 автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

Фото: zakon.kz
Шара жолдағы апаттылық деңгейін төмендету, жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін нығайту және жол қозғалысын бақылауды күшейтуге бағытталды.
Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі қаңтардың 26-28 аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайты жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Шара жолдағы апаттылық деңгейін төмендету, жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін нығайту және жол қозғалысын бақылауды күшейтуге бағытталды.

«Үш күн бойы тәртіп сақшылары қалалық автобустардың бағдарға шығар алдындағы техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының бар-жоғын, медициналық тексеруден және техникалық бақылаудан өткен-өтпегенін тексерді. Шара барысында автобустарды нормативтер мен стандарттарды бұза отырып басқару және пайдалану, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау деректері анықталды», делінген хабарламада.

Шараның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері жол жүру ережесін бұзудың 500-ге жуық оқиғасын тіркеді, соның 53-і маневрлеу ережелерін бұзу және 4 дерек қозғалыс барысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу оқиғалары болды.

Нәтижесінде автобус парктерінің 12 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 16 автобусты пайдалануға тыйым салынды. Автобус басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін 64 жүргізушіге айыппұл салынды.

Фото: www.inform.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Самый длинный круиз в мире за 34 млн тенге: сколько дней уйдет на путешествие вокруг планеты

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Выше, чем в Астане: выяснилось, где построят самый высокий небоскреб Центральной Азии