Қарағанды облысында апатты үйден тұрғындар эвакуацияланды

Zakon.kz
Осыдан бір апта бұрын жертөленің қабырғасы құлаған.
Қарағанды облысы Ақтас елді мекеніндегі екі қабатты үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындарының айтуынша, осыдан бір апта бұрын жертөленің қабырғасы құлаған, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Одан кейін үйдің қабырғаларында жарық пайда болған. Апатты үйді тұрғындар тек қабырғалардың шықырлаған дыбысынан кейін босатуға мәжбүр болыпты. Қазір жергілікті әкімшілік сарапшылардың қорытындысын күтіп отыр.

Темірбек Мариза, Ақтас елді мекенінің тұрғыны:

- Тамақ ішіп отырдық бәріміз, бала-шағамызбен. Екі балам бар кішкентай. Сол кезде шықыр басталды, еден құлап кетті. Сол кезде мен бала-шағамды алып, далаға жүгіріп шықтым.

Нұрлан Садықов, Ақтас елді мекені әкімінің орынбасары:

- Арнайы мамандандырылған мекеме қазір сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша баспананың апатты немесе апатты емес екендігі анық болады, үй толық босатылды. Әзірге ешкімді кіргізбей отырмыз.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Самый длинный круиз в мире за 34 млн тенге: сколько дней уйдет на путешествие вокруг планеты

В Китае рухнули продажи автомобилей