Шымкенттің 46 жастағы тұрғыны есірткімен ұсталды

Zakon.kz
Күдікті қамауда жатыр.
Шымкентте 46 жастағы кісі есірткімен ұсталды. Оны қала көшелерінде шұғыл іздестіру операциясын жүргізген есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсіріп отыр, otyrar.kz.

Есірткі затын сатуы мүмкін деген күдіктінің үйін тінту барысында полицейлер полиэтилен қалтаға салынған шөптесін затты тауып алды. Сот-криминалистикалық сараптама нәтижесінде бұл заттың салмағы 17 грамнан асатын марихуана екені анықталып отыр.

Қазіргі таңда бұл факті сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркеліп, есірткі затын заңсыз дайындау, сақтау, алып жүру және сату әрекетіне байланысты қылмысты кодекстің 297 бабымен іс қозғалды. Күдікті қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Фото: vladi-room.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Пенсионер, работавший курьером, получил 500 тысяч долларов от незнакомцев

Изменились правила выдачи иностранцам РВП и разрешения на ПМЖ

Китай построит в Тибете мегаплотину, которая замедлит вращение Земли

Жених Соболенко дал первой ракетке мира трогательное обещание

"Ни в коем случае не оставляйте это без внимания": МВД обратилось к казахстанцам