Қазақстан аумағынан 2 мың 500 шетелдік шығарылды

Zakon.kz
Алматыда қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау аясында көші-қонға бақылау күшейтілді.
Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 мың 500 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматыда қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау аясында көші-қонға бақылау күшейтілді.

Өткен жылы Ішкі істер департаментінің қызметтерімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесе отырып Алматы қаласының ІІД-нің көші-қон полициясының бөлімшелерімен шетел азаматтарының елімізге келуін бақылау бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру жүзеге асырылды.

«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 17 мың 469 шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 мың шетелдік қабылдап-тарату мекемесіне тоғытылды, өзге мемлекеттер құзырындағы 2,5 мың азамат республика аумағынан аластатылды. 1 мың шетелдікке әкімшілік айыппұл салынып, 1 мың 723 шетел азаматы әкімшілік қамауға алынды. Қала аумағында еңбек ету үшін 42 мың еңбек мигранттары патент алды»,- деп хабарлады Алматы қаласының ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Белгібаев.

Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шетел азаматтарының елімізге келуін, болуын және кетуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Құқық тәртібі», «Мигрант», «Нелегал» және т.б. жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Фото: Baq.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Геологи обнаружили самое крупное месторождение золота

Как меняются правила принудительного взыскания долгов с 25 августа

Мать и сын выжили спустя 10 дней пребывания в горах благодаря странным советам из телепередачи

Породы собак, которые станут вам родственной душой

Плохую новость сообщили жителям Шымкента касательно оплаты проезда в автобусах