Павлодар облысында газ баллоны жарылып, екі адам жарақаттанды

Zakon.kz
20 шаршы метр аумағы мен үйдің бір бөлігі опырылып, екі шаршы метрді өрт шалған.
Павлодар облысында газ баллоны жарылып, 38 жастағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, Екібастұзда Юго-Западная көшесінде орналасқан төрт бөлмелі үйде бес литрлік газ баллонын қыздыру кезінде жарылыс болған.

Нәтижесінде сарайдың 20 шаршы метр аумағы мен үйдің бір бөлігі опырылып, екі шаршы метрді өрт шалған. Бұдан басқа, Павлодар ауданы Шаукен бөлімшесінде үш бөлмелі үйде баллон орнату барысында газ қосындысы тұтанып, ас үйдегі жиһаз жанған. Екі жағдайда да зардап шеккендер бар.

Екібастұзда 1979 жылы туған әйел адамның денесін 1,2,3 дәрежелі термикалық күйік шалған. Павлодар ауданы тұрғынының оң және сол жақ қолдарының білегі жарақаттанып, № 1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Фото: pavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды