Павлодарда екінші жыл қатарынан 24-ақпанда үшемдер дүниеге келген

Zakon.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биылғы жылы перинаталды орталықта 800 бала туған.
Павлодар қаласында ақпан айында екі үшем дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева мәлім етті.

- 24-ақпан күні 35 жастағы ана екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Олар 35-інші аптада туды. Салмақтары - екі келіге дейін. Бірақ ешқандай жансақтау шаралары қажет болмады. Қазір олар перинаталды орталықта. Сондай-ақ, тағы да бір ана үш баланы дүниеге әкелді, - деді баспасөз хатшысы.

Бір қызығы, осыдан тура бір жыл бұрын 24-ақпанда да Павлодарда үшем дүниеге келген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биылғы жылы перинаталды орталықта 800 бала туған. 17 ана егіз баланы дүниеге әкелсе, екеуі үшемнің анасы атанды.

Абзал Қабдраш

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды