Қарағандыда мас адам жазықсыз студентті өлтірді

Zakon.kz
Қылмыс орнына жедел жеткен полицейлер қашып бара жатқан мас адамды ұстады.
Қарағанды аудандық соты Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студентін еш себепсіз пышақтаған 49 жастағы ер адамды екі айға қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қарағанды №1 Қазыбек би аудандық сотының хабарлауынша, күдікті алкогольді ішімдікке мас болғандықтан, не істегенін есіне түсіре алмай отыр.

«Сот ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша екі айға қамауға алуға санкция берді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Іс материалдарына сәйкес, жұмыссыз ер адам мас күйінде Бұқар жырау даңғылындағы үйінен шығып, көшеде келе жатқан. Сол үйде тұратын студентті көріп, жаяу жүргіншілердің көзінше жас жігіттің жүрек тұсына пышақ сұққан.

Қылмыс орнына жедел жеткен полицейлер қашып бара жатқан мас адамды ұстады. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 1996 жылы туған марқұм жігіттің үшінші курста оқығанын растады.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Зима возвращается: сильные морозы до -18°С и снегопады вновь обрушатся на Казахстан

6 лучших пород собак для охраны дома – выбирайте правильно

Хорошую новость об общественном транспорте сообщили астанчанам

Зима вернется в Астану, а чего ждать Алматы и Шымкенту – прогноз на 15-17 апреля

Земли бывшего Семипалатинского ядерного полигона перевели в состав земель запаса